USD
USD
USD

Павлодарда балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалған

Павлодар облысындағы балалар үйінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың екіқабат екені туралы ақпаратты өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова растады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жүктілік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексеріспен де расталған.

«Қыз 16 жасқа келді. Ол зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Өзара келісім бойынша байланысқа түскенін айтады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ол келісім беретін жасына кірді. Тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Жасөспірім мен баланың әкесі арасында неке қиылды", – деді Сәуле Шәкенова.

Облыстық білім беру басқармасының аталмыш факт бойынша хабары бар болып шықты.

«Тәрбиеленушінің үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша қамқоршысы, орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді»,– дейді басқармадағылар.

Жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызға кәмелетке толмаған ер баланың ата-анасы қаржылай көмек көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Александр Вучич

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков