USD
USD
USD

Павлодарда балалар үйі мен арнайы орталықтарда 11 жасөспірім қыз зәбір көрген

Павлодар облысының балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарында тұратын 11 кәмелетке толмаған қыз бала зорлық көрген, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Зорлық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекеттік мекемелердегі бассыздық прокурорлық тексеруден кейін анықталды.

Мамандар өткен аптада 10 мен 16 жас аралығындағы 105 тәрбиеленушіге медициналық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жыныстық зорлықтың 11 фактісі анықталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, күдіктілер анықталып, қамауға алынған.

Аймақтың Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, биыл аймақта 35 бала педофилдердің құрбаны болған.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша Қазақстанда биыл қаңтар-қазан айларында кәмелетке толмағандарға қарсы 3 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға артық.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты