USD
USD
USD

Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды

Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Облыс орталығының Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы павлодарлық мас күйде анасымен жанжалдасқан. Өзіне деген мұндай көзқарасқа төтеп бере алмаған әйел полиция қызметкерлерін шақырды.

– Шақыруды пысықтау кезінде ер адам алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда ер адам ескерту түрінде жазаға тартылды, сондай-ақ тәртібіне ерекше талап қойылды. Сот шешіміне сәйкес ер адамға алты ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.