USD
USD
USD

Павлодарда 29 жастағы әке балаларына 4,5 миллион теңге қарыз

Полицейлер балаларына алимент бойынша берешегі бар павлодарлықты ұстады, - деп хабарлады polisia.kz.

алимент
Фото: ҚР ІІМ

Алматы, NEGE. Ол төрт жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.

Алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы павлодарлықтың қарызы 4,5 млн теңгеге жеткен.

"Жұбайымен ажырасқаннан кейін 29 жастағы ер адам бала тәрбиесіне араласпай, төрт жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген. Нәтижесінде, оған іздеу жарияланды, ал алимент бойынша қарызының сомасы бүгінде 4,5 млн теңгеге жетті. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қарызды өндіріп алу туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін оны жеке сот орындаушысына тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі