USD
USD
USD

Павлодарда 12 жастағы оқушы қыз сәбилі болды

Павлодар облысы Білім басқармасы мәліметінше, 12 жастағы оқушы қыз сәбилі болған. 

Сәби
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталықта босанған. Бір айдан кейін сәбидің анасы 13 жасқа толады. Кәмелетке толмағандардың жүктілігін мұғалімдер бірінші болып байқаған. Осы жағдайдан кейін ауданда іс жүргізілген

– Мұғалімдері демалыстан шыққан соң байқаған. Қыз бен оның анасы дереу ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады білім басқармасы.

Басқарма ауыл мектебі директорының қызметінен босатылғанын хабарлады. 

– Мектеп директоры арыз жазып, өз еркімен жұмыстан кетті, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды, - деп түсіндірді Павлодар облысының білім басқармасы.

Мектеп оқушысы осы демалыс күндері қыз баланы дүниеге әкелді.

Мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалғаны белгілі болды. Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсету дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті