USD
USD
USD

Павлодар тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген

Павлодар тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер өз пәтерінде тыйым салынған заттары бар жасырын орынды жабдықтаған Павлодар тұрғынын ұстады. Тінту кезінде полицейлер 45 жастағы қала тұрғынынан арнайы шкафты тапты.

Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. Арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдары бар. 

– Тұрғылықты жері бойынша ер адамның пәтерінен 6 қарасора бұтасы мен 148 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
 

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова