USD
USD
USD

Павлодар облысының жаңа әкімі жұмысқа кірісті

Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір орталығының көшелерін аралап шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

Павлодар облысының жаңа әкімі жұмысқа кірісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аймақ әкімі Зеленстрой, Восточный және Екінші Павлодар шағынаудандарында болып, қала билігі мен коммуналдық мекемелердің назарын әлеуметтік нысандардың кіреберістері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазарту мәселесіне аударды.

«Әлеуметтік нысандар мен оған іргелес жатқан аумақ басты назарда болуы керек. Адамдар ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға кедергісіз келуі тиіс. Бұл жерден таңертең өткенмін. Сол кезде де, қазір де тазартылмаған! Көлік тұрағы мен әлеуметтік нысандарға қатысты ғана емес, адамдар пайдаланатын жақын маңдағы тұрақтарды да қардан тазалау керек», – деді №2 емхана жанында Әбілқайыр Сқақов.

Облыс басшысы шаһарды аралап шыққаннан кейін, оның бірінші орынбасары коммуналдық қызметкерлермен кеңес өткізді. Тиісті қызметтер қар шығару жұмыстарын күшейтіп, қысқа мерзімде қаланы толық тазалауға уәде етті.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский