USD
USD
USD

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі.

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

- Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады, - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова