USD
USD
USD

Павлодар облысының тұрғыны өз қызын зорлады деген күдікке ілінді

Павлодар облысының полицейлері өз қызын зорлады деген күдікпен облыс тұрғынын іздестіріп жатыр. Тергеушілердің айтуынша, ер адам екі жылға жуық уақыт бойы қылмыстық әрекет жасаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының тұрғыны өз қызын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысының полиция департаменті полицейлер өз қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адамды іздеп жатқанын хабарлады. Іздеудегі адам туралы ақпарат облыс пен республика бойынша жіберілді.

"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Павлодар облысының полиция департаментінің түсініктемесінде.

Қыздың анасы қылмысты полицияға хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, әкесі оны 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін қорлаған. Отбасы бұған дейін полицияға хабарласпаған.

ҚР ҚК-нің 121-бабы6 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар