USD
USD
USD

Павлодар облысының тұрғындары сенбілік кезінде шығармашылық танытты

Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында ауқымды сенбіліктер 17 сәуірде өтті. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көшелер мен аулаларды тазалауға 58 мың адам шықты. Бірі өлең оқып, бірі әндетіп жүргізілген жұмыстың нәтижесі ауықмды: бірнеше сағат ішінде аймақта 22 мың тонна қоқыс жиналды.

Павлодар облысының тұрғындары сенбілік кезінде шығармашылық танытты
Фото: NEGE.kz

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жүздеген ұжым өкілдері және өңірдің жанашыр тұрғындарымен бірге қаланы жинауға және ағаш отырғызуға қатысты. Ол тазарту мен көгалдандырудан басқа, өңірде абаттандыру айлығы аясында автобус аялдамалары жуылып, көшені жарықтандыру тіректері, қоғамдық орындардағы қоршаулар ретке келтіріліп, инфрақұрылымның басқа да элементтері мен жолдағы шұңқырлар жөнделетінін айтты.

– Облыс тұрғындары өте еңбекқор. Ортақ қаламызда бірге тазалық орната алатынымызға сенімдімін. Осы маңызды іске барлығы қосылады деп үміттенемін, біз тазалық пен тәртіпті қазір ғана орнатып қоймай, оны сақтау үшін ат салысамыз, – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Бір күннің ішінде Павлодар облысының елді мекендерінде 6,5 мың ағаш пен бұта отырғызылды, 87 гектар аула тазартылды және гүл отырғызу үшін 11,5 мың шаршы метр алаң дайындалды. Айта кету керек, өңір билігі өңірді көгалдандыру үшін үлкен жоспар құрып жатыр: егер бұрын Павлодарда жылына 800 ағаш отырғызылса, 2021 жылы мұнда 20 мыңнан астам көшет отырғызу көзделген.

Айта кетейік, сенбілік 10 сәуірде облыста жарияланған абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы аясында өтті. Бір апта ішінде полигондарға 33 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек