Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысының Май ауданындағы 28 отбасы қоныс тойын тойлады

Көктөбе ауылының тұрғындарына пәтер кілттері Алғыс айту күні қарсаңында табыс етілді.

Павлодар облысының Май ауданындағы 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Фото: NEGE.kz

Өткен жылы Май ауданының орталығында ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген ауыл жатақханасын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта құру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде 28 пәтер толық емес және көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, I және II топтағы мүгедектер және басқа кезекте тұрғандарға бөлінді. Пәтер алғандардың қатарында сегіз жылға жуық тұрғын үй кезегінде тұрған Максим Перстнев те болды.

– Бүгін менің отбасымның өміріндегі ең бақытты күн. Мен кезегімді ұзақ күттім, енді отбасыммен бірге өз пәтерімізде тұратынымызға әлі де сенбеймін. Болашақта біз оны жекешелендіре алатынымыз қуантады, – деп атап өтті ол.

Кілттерді табыстаған Май ауданының әкімі Марат Ақтаев ауылдастарын қоныс тойымен, көктемнің басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады. Оның айтуынша, ескі жатақхананы жаңартылғаннан кейін ауданда тұрғын үй кезегі 16%-ға қысқарған.

– Тұрғын үй мәселесі барлық уақытта да өзекті. Әр түрлі және тиімді бағдарламалардың арқасында мемлекет азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсартады, - деді аудан басшысы.

2021 жылы Май ауданында бірден 15 төрт пәтерлі үй салу жоспарланып отыр. Қазір  осы елді мекенде 137 тұрғын баспана кезегінде тұр. Қазіргі уақытта жаңа тұрғын үй салуға бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қаралып жатыр. Айта кетейік, Павлодар облысында 2020 жылы кезекте тұрған 1096 адам пәтер кілтін алды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова