23 Тамыз 16:24
...

Павлодар облысының әкімі эмоционалдық оқытуға көңіл бөлуге шақырды

Фото:

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір педагогтарының тамыз конференциясында оқу үдерісіндегі эмоционалды оқытуға көңіл бөлуге шақырды.

Павлодар, NEGE. Әкімнің пікірінше, эмоционалды оқытуда балалардың арасындағы буллингке тосқауыл қойылып, өзара сыйластық  пен қол ұшын созу саясаты басты назарда болуы керек. Аймақ басшысы әрбір білім беру нысанында арнайы ережелер жинағын енгізіп, ол формальды құжатқа айналмауы тиіс деп есептейді.  

«Бастысы – балаларға зорлық көрсету - жаман, өзара сыйластық – жақсы, туған қалаң мен өз еліңе деген бейтараптылық – жаман, отанды сүю – жақсы екенін және басқа да мысалдарды айтып отыру керек. Балаларды зомбылықтың түрлерін анықтау және оның түрлі болжалды салдарын модельдеуге үйретіп, оны нақты істер арқылы жүзеге асыру керек», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір педагогтеріне.

Әкімнің айтуынша мұны тұрақты түрде өтетін арнайы сыныптан тыс сабақтарда істеу керек.  Әбілқайыр Сқақов бұл сабақтар үшін атау ойлап табуды ұсынды. Оларды эмпатия, өзара сыйластық сабақтары немесе эмоционалдық зияткерлік сабағы деп атауға болады. Оның пікірінше, сабақтарды бейресми жағдайда мектеп тыс жердегі тимбилдингтерде өткізуге болады.

«Эмоционалды оқыту дәстүрлі түсініктегі білім беру нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді. Жиырма жылдан астамғы зерттеулер әлеуметтік-эмоционалдық дағдылар бар оқушылар стандартты тестілеулерде, мұндай оқумен қамтылмаған өздерінің қатарластарынан 11%-ға көбірек ұпай жинайтынын көрсетті. Тіпті, әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары бар жасөспірімдердің арасында нашақорлыққа ұрыну және девиантті мінез-құлыққа шалдығу деректері 6%-ға, ал, психологиялық ауытқушылықтарға шалдығу 13,5%-ға кем екені байқалды. Бұл күнделікті жаңалықтарда жиі қайталана бастаған балалардың қатысуымен өткен қорқынышты оқиғалар орын алып жатқанда бізге керегі осы емес пе?» - деп түйіндеді Әбілқайыр Сқақов эмоционалдық білім берудің артықшылықтары туралы.  

Әкім мәдениет мекемелері, қосымша білім беру және жастар бірлестіктері арасындағы өзара әрекет арқылы  облыстағы кітапханалардың қызметін дамытуға шақырды. Бұл оқу сауаттылығын арттыруға және балалардың білімге деген құштарлығын арттыруға әсер етуі тиіс. Әбілқайыр Сқақов оқушылардың еңбексүйгіштігін оятуға үлес қосу үшін түлектер клубтарының институтын дамтыу қажеттілігіне де тоқталды. Сондай-ақ, бұл түрлі бағыттағы: менторлық, демеушілік көмек, ғылымды коммерциализациялау, стипендиялық бағдарламалар сияқты перспективалық даму түрі.    

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде мектептерді күрделі жаңғыртуды бастап, педагогтар мен оқушылар үшін арнайы марапаттар енгізуді бастаған еді.   

Тегтер: