USD
USD
USD

Павлодар облысындағы прокуратура ғимаратында полицей өзіне оқ атты

Павлодар облысында полиция қызметкері аудандық прокуратура дәлізінде өзіне оқ атты. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір полицейлер әріптесінің бұл әрекетіне не себеп болғанын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысындағы прокуратура ғимаратында полицей өзіне оқ атты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция мәліметі бойынша, 24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтіргені туралы хабарлама пайда болған.

Павлодар облысының Полиция департаменті полицейдің қаза болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Железинка ауылында 23 мамырда сағат 18.10-да аудан прокуратура ғимаратының дәлізінде Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қарудан оң иығына оқ атты. Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылып, ота жасалды", - деді аймақтық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Оның айтуынша, қызметкердің денсаулығына қауіп төндіп тұрған жоқ, өмірлік маңызды органдары мен сүйегі зақымданбаған.

"Бұл дерек бойынша Павлодар облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деді Өтеуов.

Тергеу жүргізіліп жатқан "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабының санкциялары 3 жылдан 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.