USD
USD
USD

Павлодар облысындағы бір қала Абай облысының қарамағына өтті

Бұрын Курчатов қаласының жері Павлодар облысының аумағына кіретін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысындағы бір қала Абай облысының қарамағына өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Павлодар облыстық мәслихатының II кезектен тыс сессиясында Үкіметке облыстың шекарсын өзгерту туралы ұсыныс енгізу мәселесі қаралды. 

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы құрамынан 8 аудан және Семей мен Курчатов қалаларын бөлу жолымен Абай облысы құрылды. 

Жиынға қатысқан Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтың айтуынша, Курчатов қаласының ауданы жалпы 11 мың га құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі – 9,1 мың га. 

- Павлодар облысының бюджетіне Курчатов қаласынан салық түспейді. Жер және мүлік салығы Курчатов қаласының бюджетіне түседі. Аталған жарлықты іске асыру мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің және облыстық мәслихатының ҚР Үкіметіне Павлодар облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы бірлескен қаулы және шешімі мен жобасы әзірленді, - деді Мұрат Хамитов.

Бұған дейін жері Павлодар облысының аумағына кіріп, қаланың өзі Шығыс Қазақстан облысына бағынған Курчатов қаласын жер аумағымен бірге жаңа облысқа қосу Абай облысының шекараларын сәйкестендіру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 

Депутаттар бұл мәселе мәслихаттың аграрлық мәселелер бойынша комиссиясында қаралғанын атап өтіп, Үкіметке ұсыныс енгізуге бірауыздан дауыс берді

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе