USD
USD
USD

Павлодар облысындағы 26 ауылда әлеуметтік нысандар бой көтереді

Ертіс өңірінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша, жүзге жуық инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодар облысындағы 26 ауылда әлеуметтік нысандар бой көтереді
Фото: NEGE.kz

Мемлекет қолдауының арқасында 26 елді мекенде әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне беріледі. Мәселен, Павлодар қаласының іргесіндегі Пограничник ауылының көшелеріне асфальт төселеді. Сонымен қатар фелдьшерлік-акушерлік пункт пен спорт кешені салынып жатыр.

Достық ауылдық округіне қарасты Пограничник ауылының мыңға жуық тұрғыны бар. Халықты медициналық қызметтің қолжетімділігі, ауызсу және жол сапасы сияқты мәселелер алаңдатады. Бұл проблемалардың барлығы біртіндеп шешімін тауып жатыр.

Людмила Глебова, Достық ауылдық округінің тұрғыны:

- Әрине, ауылға сапалы жолдар керек. Өткен жылы қиыршық тас төселді. Қарт адамдарға жаяу жүру қиын. Биыл акушерлік пункттің құрылысы басталды. Қуаныштымыз.

Ауылда 30 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдар бар. Биыл көшелердің барлығына асфальт төселеді.

Айгүл Бекбергенова, Достық ауылдық округінің әкімі:

- Пограничник ауылында ұзындығы 12 шақырымдай асфальт төселеді және де халқымызға, мектеп балаларына, спортқа деген ынтасы бар бүлдіршіндер үшін кешен салынады. Осы жылы желтоқсанда тапсырылады деген үміттеміз. Жол, көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ауылдағы фельшерлік-акушерлік пункттің ғимараты әбден ескірген соң жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Жобаны жүзеге асыруға 149 млн теңге бөлінген. Ендігі мақсат – қаражатты игеріп, жұмыстарды сапалы жүргізу.

Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл жердің маңайындағы абаттандырылуы, қоршауы, басқа да дүниелер толыққанды қамтылуы керек еді. Бұл жерде ол қарастырылмаған. Бірақ жобаны қайтадан қарастыру керек, оны енгізу керек деген ойдамыз. Өйткені бұдан төмен қаражатқа өзге өңілдерде ФАП-тар салынған.

Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауылда түйткілді мәселелер бар. Орталықтандырылған су жүйесі бар, бірақ ұңғыма жөндеуді қажет етеді. Халық сапалы суды көрші ауылдағы кешенді блок-модульден тасиды. Бұл мәселе біздің назарымызда болады.

Ауылдағы тозығы жеткен мектеп те жұртшылықты алаңдатып отыр. Білім беру ошағының едені қирап, кәріз жүйесі істен шыққан. Жөндеу жүргізу үшін бюджеттік өтініш әзірленген.

Қазір оқып жатыр

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана