USD
USD
USD

Павлодар облысында жолда ұйықтап кеткен жүргізуші полицейлердің көлігіне соқтығысқан

11 мамыр күні Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлады Полиция. 

Павлодар облысында жолда ұйықтап кеткен жүргізуші полицейлердің көлігіне соқтығысқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары: Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді.

Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқырауықтар мен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде ол рөлде ұйықтап кеткен.

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG