USD
USD
USD

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан. - Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған.

Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де толықтай сөндірілді, - дейді ведомствода. Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты