USD
USD
USD

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, үш адам зардап шекті.

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар - Успенка тасжолында жеңіл көліктердің қатысуымен ірі жол апаты болды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, кадрда соқтығысқан көліктердің бірі екіге бөлінгенін көруге болады.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, оқиға орнына келген дәрігерлер 60 жастағы ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын анықтаған. Тағы үш адам Успен орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

"19 жастағы бойжеткен жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, мойын омыртқасының жарақаты, теріасты гематома деген диагноздармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің арасында 1972 және 1991 жылы туған екі ер адам бар.

"49 жастағы ер адамға екі қабырғасы сынған, іштің тұйық жарақаты және травматикалық шок деген диагноздар қойылды, 30 жастағы ер адам кеуде қуысынан жарақатын алған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе