USD
USD
USD

Павлодар облысында жібек құрт қаптап кетті

Павлодар облысында жасыл желекті жібек құрт басып алды. Жәндіктер бұған дейін Ертіс, Железин, Павлодар ауданындарында анықталған.

Павлодар облысында жібек құрт қаптап кетті
Фото: NEGE.kz


Нұр-Сұлтан, NEGE. Енді Баянауыл ұлттық паркіне жетті. Парктің Жасыбай бөлімшесінің басшысы Қуанбек Мадиннің айтуынша, зиянкестер қайың мен теректің жапырақтарын жаппай жойып жатыр, деп жазады «Хабар 24 ».

Қазір жалпы аумағы 7 гектардай орман алқабы зардап шеккен. Ал жібек құрттардың пайда болғанын инспекторлар алты күн бұрын көрген. Себебі ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастаған.

Бұл туралы дереу орталыққа хабарланып, тиісті мамандар да шақырылған. Олар құрттың түрін анықтау үшін сынама алды. Енді зиянкестерге қарсы күрес шаралары басталады.

Баянауыл табиғи ұлттық паркі ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан химикатпен улауға болмайды.

Күрес табиғи жолмен, яғни құстарға ұяшық жасау, құмырысқаларды жіберу арқылы жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, жібек құрттар қатты нөсер, бұршақпен де кетеді екен.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция