Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Екібастұзда екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлады inbusiness.kz.

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Лада-21074" автомобилінің жүргізушісі Kia Rio көлігіне жол бермей, жол-көлік оқиғасы орын алған. Kia Rio қозғалыс траекториясын өзгертіп, жолда тұрған көлікті соққан.

Lada жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше, зардап шеккен 3 адам Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды. 

"Миы шайқалып, жабық ми жарақатын және көптеген дене жарақатын алған 1974 жылы туған ер адам травматология бөліміне жатқызылды. 2007 және 2010 жылы туған 2 жасөспірім балалар хирургиясы бөліміне түсті. Олар жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, денесі көгеріп, сыдырылған. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде", - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи