USD
USD
USD

Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен сөндірілді

Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен сөндірілді, өйткені онда техника жете алмаған.

Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 8 мамырда сағат 12:42-де 101 пультіне Ленин ауылы мен аудан орталығының арасында қамыс пен құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлама түсті.

Алайда жайылым суға толып кеткендіктен, өрт сөндіру техникасына баратын жол болмай, өртті сөндіру жаяу түрде оқпанды өрт сөндіргіштер, хлопушкалар көмегі арқылы жүргізілді. Ол жерге техниканың өту мүмкіндігі болмады.

Өртті сөндіру барысында 3 өрт ошағы анықталды, көлемі - 30 гектар.

Өрт ошақтары сағат 16.35 оқшауланып, сағат 18.57-де сөндірілді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе