24 Тамыз 12:40

Павлодар облысында заманауи білім берудің экожүйесі құрылып жатыр

Фото:

Өңір педагогтарының тамыз конференциясында Павлодар облысының білім беру жүйесінің перспективалары туралы айтылды.

Анықталғандай, соңғы үш жыл ішінде осы саланың бюджеті екі есеге артқан, оның ішінде білім беру нысандарының күрделі жөндеуге бөлінетін қаржының көлемі 12 есеге ұлғайған. «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы мектептер ауладан бастап әр оқушының орындығы мен компьютерге дейін толықтай жаңғыртылады.

 Біздің міндетіміз – мектепте білім мен дағдыларды алмасу үдерісіне қолайлы жасау. Қоршаған орта оқушылардың үлгеріміне тікелей әсер ететінін ғалымдар баяғыдан-ақ дәлелдеген, – деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар, өңірде дарынды балаларға арнайы сыйақылар, ал, білім беру саласына мол үлес қосқан педагогтерге төс белгілер тағайындалды.

Павлодар облысында колледждерді жаңғыртуға да инвестициялар салынып жатыр. 2020 жылы аграрлық колледж жаңартылса, биыл Ақпараттық технологиялар колледжін жаңғырту жұмыстары басталды.

Колледж базасында IT-хаб құрылады, – деді Сқақов. – Ал, Торайғыров университетінде сертификатталған курстар өткізілетін IT-мектеп ашу жоспарланып отыр. Осы жоғарғы оқу орнында Computer Science факультеті ашылады. Осылайша, біз аймағымызда ІТ-білім берудің толық жүйесін құрамыз.

Қуатты жоо – қуатты өңір. Жергілікті билік, кәсіпкерлер мен ғалымдар осы қағидат бойынша әрекеттеседі. Олардың қарым-қатынасы тек қана дуалды оқыту жүйесі арқылы емес, өңір экономикасының салалары бойынша өзекті деректермен және зерттеу нәтижелерімен бөлісуге негізделген. Сондай-ақ, өңірде жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атласы құрастырылды.

Конференцияда инклюзивті және қосымша білім беру жеке тақырып болды. Өткен жылы облыс орталығында заманауи түзету әдістемелері бойынша жұмыс істейтін аутизм орталығы мен мамандандырылған балабақша ашылды. 4 мыңнан астам педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктіліктерін арттырды.

Қосымша білім беруде балалар спортына ерекше көңіл бөлінеді. 2025 жылға дейін балалардың тегін спорт секцияларымен қамтылуын 9 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Оынмен қатар, өңірде дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қайта даярлау жоспары құрастырылып жатыр.  Павлодарда ашылатын арт-орталық облыстағы креативті индустрияны дамытудың жетекші күшіне айналуы тиіс.

– Біздің мақсатымыз – білім мен дағдылар алмасуға қолайлы орта, ерекше балалар үшін білімге кедергісіз қол жетімділік, цифрлық шешімдер, сондай-ақ, баланың тән саулығы мен креативті дамуына мүмкіндіктер жасалған білім берудің заманауи экожүйесін құру болып табылады, – деп түйіндеді аймақ басшысы.

Биыл Павлодар облысында педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы сарапшылар пікірталасы форматында өтті.

Тегтер: