USD
USD
USD

Павлодар облысында шенеуніктер кезекші көліктерге мінеді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов үш телеарна және Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде халыққа есеп берді.

Павлодар облысында шенеуніктер кезекші көліктерге мінеді
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Облыс әкімі есебін облыста коронавирустан қаза болғандарды еске алудан бастады. Аймақ басшысы өткен жылғы тапсырмалардың орындалу барысын мәлімдеп, биылғы жылдың жоспарымен бөлісті.

2020 жылы облыста тұрғын үй құрылысына қатысты тәуір динамика байқалған. Айталық, мемлекеттік тұрғын үй қоры арқылы пәтер алғандар 15 жылда 3,5 есеге өскенжәне 2019 жылғы көрсеткіш бірден 5 есеге көтеріліпті.

Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай жетістік бар. Өткен жылғы көрсеткішке қарасақ, ел бойынша жаңадан енгізілген суармалы жерлердің жартысы осы аймақта. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі 7 проценттен асқан.

Пандемия алқымнан қанша алғанымен, шағын және орта бизнеске мемлекеттік бағдарлама бойынша былтыр 2019 жылмен салыстырғанда несие 1,5 есе көп берілген. Сондай-ақ жас кәсіпкерлерге несиені кепілсіз беру жүйесі іске қосылды.

Облыс басшысының айтуынша, бюджет шығынын қысқарту әлеуметтік салаға септігін тигізіп жатыр. Биыл облыста тыл, ауған, Чернобыль ардагенлеріне бір реттік төлем көлемі артты, сондай-ақ дарынды балаларға сыйақы тағайындалды.

Есеп беру барысында жергілікті тұрғын облыс әкімінен қызметтік көліктер жайын сұрады. Әкім сұраққа оңтайландырудың арқасында 250 млн теңгеден астам қаржы үнемделгенін айтты. Енді облыстағы шенеуніктер кезекші көліктерге мінеді.

«Тәжірибе ретінде биыл жеке көліктерді кезекші көліктерге ауыстыруды енгізбекшіміз. Біздің ойымызша, бұл – дұрыс әрі тиімді», – деді Ә.Сқақов.

Әзірге бұл тәжірибе қала және аудан әкімдіктеріне енгізілмейді. Өйткені олар шалғай ауылдарға жиі шығады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес