USD
USD
USD

Павлодар облысында селфи жасамақ болған қыз вагон үстінде тоққа түсті

Павлодарда 18 жастағы қыз жолаушылар пойызының төбесінде селфи жасамақ болып, күйіп қалған.

Павлодар облысында селфи жасамақ болған қыз вагон үстінде тоққа түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы Павлодар облысы хабарлады.

Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған.
Дәрігерлер оған оң жақ төменгі аяқ-қолын термиялық күйік, денесінің оң жақ жартысы, оң жақ жоғарғы жағы III-IV дәрежелі яғни 50%  күйік диагнозын қойды. Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған, II-III дәрежелі травматикалық шок алған.

Қазір зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич