USD
USD
USD

Павлодар облысында Ресей азаматтығын алған зейнеткер елден қуылды

  71 жастағы ер адам Қазақстан азаматы бола тұра Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын айтпаған.

Павлодар облысында Ресей азаматтығын алған зейнеткер елден қуылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Наурыз айының 29-ы күні 71 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған. Ер адамның атына ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот материалды қарап, шетел азаматын ел шекару жөнінде шешім қабылдады», – деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов. Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес ел азаматы шетелдік азаматтықты алу туралы фактіні Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе Қазақстан Республикасы шекарасынан шығарылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек