Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысында орман өртенді

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватында орман өртеніп жатыр.

Павлодар облысында орман өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGEБұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында хабарлады.

 

«13 маусым 12:55 кезінде «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты Шалдай филиалының Галкин орман шаруашылығы аумағында орман өртеніп жатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда резерват пен «Қазавиалесоохрана» кәсіпорны қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтауға күш салып жатыр. Бұл іске жеке құрамнан 6 адам мінген МИ-2 тікұшағы, 5 өрт сөндіру машинасы, 2 трактор мен 2 жеңіл көлік жұмылдырылған. Жалпы қанша адамның жалынмен арпалысып жатқаны нақтыланып жатыр» деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы.

 

Оның айтуынша, өрттің себебі - орманға түскен найзағай. Қазір сол маңда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 10 м/с болып тұр. Отты байқаған кезде ауа температурасы +34 С болатын.

 

«Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын 100 гектар аумақты шарпыған» дейді Сәкен Ділдахмет.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді