USD
USD
USD

Павлодар облысында мас күйде көлік айдаған шетел азаматы анықталды

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған Германия азаматы жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында мас күйде көлік айдаған шетел азаматы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілд. Нәтижесінде полицейлер 1224 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде құқықтық тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізудің 19 дерегінің жолын кесті.

– Мысалы, түнгі патрульдеу барысында Тереңкөл ауылында тұруға ықтиярхаты бар Германия азаматы мінген Lexus RX 300 көлігін тоқтатты. Ол Тереңкөл ауылына қонаққа келіп, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша “орта дәрежелі” мас күйінде көлік құралын жүргізген. Осы факт бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аудандық соттың шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қаткенов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс