USD
USD
USD

Павлодар облысында макарон өнімдері қымбаттады

Облыстық статистика департаменті  2023 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.

Павлодар облысында макарон өнімдері қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасының 1,5%-ға, оның ішінде макарон өнімдері 3,5%-ға, күріш – 2,3%-ға  өсті. Ет бағасы 0,8%-ға, оның ішінде сиыр еті 1,1%-ға, жылқы еті – 0,4%-ға, шұжық өнімдері 2,7%-ға, балық және теңіз өнімдері – 1,4%-ға, қышқыл сүт өнімдері бағасы 1%-ға, сүт өнімдері – 0,9%-ға, майлар және тоң майлар 0,7%-ға қымбаттады. 

–  Көкөністер және жемістердің ішінде қырыққабат бағасының 3,5%-ға, пияз – 2,3%-ға, сәбіз – 1,1%-ға, алма – 0,8%-ға, картоп – 0,5%-ға өсуі байқалды, – деп жазылған хабарламада. 

Азық-түлік емес тауарлары бойынша шағын тұрмыстық аспаптар бағасының 1,1%-ға, фармацевтикалық өнімдері және автомобильдер 0,9%-дан, киім және аяқ киімдері – 0,4%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар  0,1%-ға өсті.

Ақылы қызметтер көрсету саласында білім беру қызметтері 4,2%-ға, амбулаториялық қызметтер – 3%-ға, байланыс қызметтері – 0,7%-ға, көлік қызметтері – 0,4%-ға қымбаттады.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған