USD
USD
USD

Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус шахта маңындағы шұңқырға түсіп кетті

Төтенше жағдай Павлодар облысы Баянауыл ауданында "Майкайнзолото" АҚ аумағында болды, деп мәлімдеді облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус шахта маңындағы шұңқырға түсіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Оқиға 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шұңқырдың ұзындығы – 150-200 м, ені 500 м, опырылым тереңдігі 150 м", –делінген ақпаратта.

Апат кезінде автобуста 4 адам болған: "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.

Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені айтылады.

Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және жергілікті атқарушы органдар орналасқан жедел штаб құрылды. Психологтар жұмыс істеп жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майкайнзолото" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты