USD
USD
USD

Павлодар облысында кеңестік төлқұжатпен жүргендер бар

Павлодар өңірінде ескі Кеңес одағының төлқұжатымен жүрген азаматтар бар екен. Аймақтың полицейлері оларға құжат ауыстыру керегін және қалай тез жасауға болатын жолды нұсқады.

Павлодар облысында кеңестік төлқұжатпен жүргендер бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Жол полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Павлодар облысы миграциялық қызметке 1974 жылғы төлқұжат үлгісі бар 92 адам хабарласқан.

«Олар кеңестік төлқұжатын жоғалтқан. Қолдарында азаматтың өзін растайтын ресми құжат жоқ», - дейді облыстық полиция мекемесінің бастығы Нұрлан Масимов.

Әлгіндей төлқұжаты бар азаматтардың көбі – өмірде түрлі қиындыққа тап болғандар. Соның салдарынан мемлекет беруі тиіс әлеуметтік жәрдемақы, жеңілдіктен қағылған.

Алайда, олар осы уақытқа дейін құжатсыз жүргені үшін 7 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Осыдан кейін ғана құжатты уақытында ауыстырады.

«Одан неге қашады? Жаңа құжат алса, мемлекеттің көмегін де алуына мүмкіндік бар» дейді Н.Масимов. 

Бар болғаны миграциялық қызметке барып, өтініш жазып, осы уақытқа дейін неге ауыстырмағаны жайында арыз қалдырады. Биыл кеңестік төлқұжатын ауыстыруға Павлодар қаласының үш тұрғыны ілікті. Олар 59, 57 және 56 жасында қазақстандық құжатты алғаш алып отыр.  
 

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті