1 Тамыз 15:52
...

Павлодар облысында қаңғыбас иттердің шабуылынан 80-нен астам қой қырылып қалды

Фото:

Павлодар облысында қаңғыбас иттердің шабуылынан 83 қой қырылып қалды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы, NEGE. «Оқиға 29 шілдеде Кемеңгер ауылында орын алған. ҰҚМ-ға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған, 83 бас зардап шеккен. Шабуыл салдарынан 15 малдан иттердің тістеген іздері табылған, қалғаны қорыққаннан бір-бірін таптап тастаған болуы керек. Екі ит ұсталды, олар 10 күн бақылауда болады», – деді дүйсенбі күні Павлодар облысы ветеринария стансасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.

Егер олардан құтыру белгісі анықталса, оларды ұйықтатып тастайды. Аталмыш дерек Павлодар облысы полиция департаментінде тіркелді, ведомство болған жайттың себептерін анықтауда.

Тегтер: