15 Қазан 16:30
...

Павлодар облысында дәнді дақылдардың рекордтық түсімін жинауды жоспарлап отыр

Фото:

Павлодар облысында 30 жылдың ішінде алғаш рет бір миллион тоннадан немесе өткен жылғы көрсеткіштен 35%-ға астам астам дәнді дақылдар жинауға дайындалып жатыр. Ал қарақұмық астығының көлемі жалпыреспубликалық астықтың көлемінің жартысына жуықтайды. Бұл туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың облыстың аудандарына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Аграрийлердің айтуынша, бұған суармалы егіншілікті және  агротехнологияларды дамыту әсер етті. Мәселен, Ертіс ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Оразалы Әйтімов биыл 630 гектар аумақта суару жүйесін енгізіп, нәтижесінде өнімнің жалпы көлемін едәуір арттырған.

– Маусым айында тұрғындар қызықпайтын, әрі мал жаюға келмейтін жайылымдық жердің кішігірім учаскесінен біз 350 миллион теңгенің өнімін жинадық, – деп хабарлады фермер Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа. – Сондықтан, біз суармалы егістіктерді дамытуға мүдделіміз. Әрі, Ертіс өзені де біздің жеріміздің жанында ағып жатыр. Алдағы жылдары тағы да екі мың суармалы егістіктерді іске қосқымыз келеді.

Ертіс ауданындағы тағы бір шаруашылықта биыл суару инфрақұрылымының құрылысын аяқтап, 620 басқа арналған сүтті-тауарлы ферма құруды жоспарлап отыр.

– Өңірде 132 мың гектар суармалы жерлер бар, – деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов. – Бес жылдың ішінде суармалы жерлердің аумағын 225 мың гектарға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Биыл өңірде 5 мың гектар суармалы жерлер қолданысқа енгізілуі тиіс.

Тереңкөл ауданыда Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов көкөніс сақтау қоймаларының бірінде болды. Қойманың басшысы Игорь Щербак биыл жергілікті шаруалар сапалы картоп алғанын айтты. Жүгерінің шығымы да жақсы.

– Сондай-ақ, біз өңдеуші кәсіпорындар қуана сатып алатын «Девятка» сұрыпты қара құмық өсіреміз, – деді Игорь Щербак. – Дақылдың бұл түріне біз биыл 1,2 мың гектар жер бөлдік. Қарақұмықты орып, енді оның кебуін күтіп отырмыз. Астықтың шығымдылығы гектарынан 8-10 центнерге жетеді деп үміттенеміз.

Биылғы жылы Павлодар облысында қарақұмықтың егістік алаңы 53 мың гектардан асып түсті. Бұл көрсеткіш – еліміздегі осы дақылдың егіс алаңдарының жартысына жуығы. Астықтың шығымдылығы орта есеппен гектарынан 8,1 центнерді құраса, өңірде 43 мың тонна қарақұмық немесе оның жалпыреспубликалық көлемінің  55%-ын жинауды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, биыл Павлодар облысында ұсақ фермерлік және шаура қожалықтарына жем-шөп үшін субсидия беріле бастайды. 1 мың шаруашылыққа ІҚМ-ың бір басы үшін 10 мың теңгеден және ҰҚМ-ың бір басы үшін 3 мың теңгеден 500 миллион теңгені бөліп береді. Осылайша, шаруалар жем-шөп әзірлеуде 20%-ан 45%-ға дейін үнемдейді.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов кейін әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында былай деп жазды:

«АӨК есебінен өңірлік экономиканы әртараптандыру жөніндегі  жоспарларымыз жұмыс істеп тұр. Екі жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі жалпы өнім көлемі 255 млрд теңгеден 350 млрд теңгеге дейін артты. Жалпы, өсім барлық бағыттар бойынша байқалады. Аграрийлерге шын жүректен алғысымды айтып, ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлуді жалғастырамыз деп сеніммен айтамын».

Тегтер: