USD
USD
USD

Павлодар облысында дала өрті Баянауыл ұлттық саябағы аумағын шарпыды

Павлодар облысында дала өрті Баянауыл ұлттық саябағы аумағын шарпыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысында дала өрті Баянауыл ұлттық саябағы аумағын шарпыды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. 14 шілдеде Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп өртенген. Жергілікті атқарушы органдар ақпараты бойынша өрттің болжамды ауданы 800 гектар болған.

"Өрт "БГНПП" РММ аумағына өтті (Долба орманшылығы, 115, 117, 118 кварталдар) және сол жерде 20 гектар аумақты қамтыды. ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарын ескере отырып, жануды оқшаулауға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, жануға қарсы күреске облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы жұмылдырылғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов