USD
USD
USD

Павлодар облысында болған жол апатында көлік ішінде бір адам жанып кетті

Жол апаты Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында

Павлодар облысында болған жол апатында көлік ішінде бір адам жанып кетті
Фото: NEGE.kz

болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE.  Жол-көлік оқиғасы Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.

- 1987 жылы туған ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылы туған ер адам жабық бас миының жарақаты, бетінің жыртылған жарақатымен Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді, - деді басқармада.

Ал, үшінші адамды анықтау мүмкін болмаған.

- Үшінші адам «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады, - деді басқармада.

Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт