USD
USD
USD

Павлодар облысында білім саласына ерекше көңіл бөлініп жатыр

Павлодарда "Жайлы мектеп" жобасы аясында оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін биыл 1200 және 600 орындық екі мектептің құрылысы басталды.

Павлодар облысында білім саласына ерекше көңіл бөлініп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылы әрқайсысы 1200 орындық тағы 3 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

Өңірдің ірі өнеркәсіптік компанияларының қаражаты есебінен апатты мектептердің мәселесі шешілді.

Биыл Железин ауданы Моисеевка және Баянауыл ауданы Қаражар ауылдарында 2 жаңа заманауи мектеп салынып, ашылды.

Үшінші жаңа мектеп осы жылдың желтоқсан айында Павлодар ауданы Сычевка ауылында ашылады.

Павлодар облысында 54 мектептің маңын абаттандырудан бастап, жабдықтар мен жиһаздарды жаңартуға дейін толық жаңғырту жүргізілді.

2024-2026 жылдары өңірде қалған 162 мектеп жаңартылады.

Сондай-ақ, білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінетін қаражат көлемі едәуір өсті, үздік педагогтар мен дарынды оқушылар материалдық көтермелеу алады.

Шағын жинақталған ауылдардан балаларды тасымалдау үшін 46 мектеп автобусы сатып алынды.

Қазір оқып жатыр

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.