USD
USD
USD

Павлодар облысында балалар мінген шағын автобус аударылып, екі бала қаза тапты

Павлодар облысында микроавтобус тас жол бойындағы шұңқырға түсіп кетті. Екі бала қайтыс болды.

Павлодар облысында балалар мінген шағын автобус аударылып, екі бала қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Минивэн көлігі 19 қыркүйек күні сағат 00:29 шамасында Қалқаман ауылының маңындағы арыққа түсіп кеткен. Ірі апатқа үш жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Әуелі Қалқаман ауылынан жедел жәрдем бригадасы келіп, науқастарды тексерді.

Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі бала көз жұмды, тағы тоғыз адам ауруханаға жеткізілді.

"6 және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенше қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді", - деп хабарлады Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Балалар облыстық балалар ауруханасына, ересектер Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Шұңқырға құлаған микроавтобус Астанадан Өскеменге бет алған.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу