13 Тамыз 12:34

Павлодар облысында балалар мен бұқаралық спортты қалай дамытып жатыр

Фото:

Павлодар облысында балалар мен жасөспірімдердің және бұқаралық спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымды құру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның барлық жатыққысы келетіндер үшін қолжетімділігін арттырады және спорт секцияларында жан басына қаржыландыруды белсенді қолданады.   

– Бұрын көптеген ата-аналар қаржылық мүмкіндіктің жоқтығынан балаларын біздің мектепке бере алмайтын. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы енгізілгеннен кейін бір отбасыдан екі-үш бала келе бастады, – дейді облыс орталығындағы таэквондо мектебінің жаттықтырушысы Ким Иенг Ро.

Қазір мектепте 80 бала жаттыға алатын кем дегенде тағы да төрт топ ашуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік спорттық тапсырыс балалардың спорт секцияларында тегін жаттығуынан бөлек, жаттықтырушылардың жалақысын арттыруға да мүмкіндік береді. Таэквондо мектебінде бірден алты жаттықтырушының жалақы көлемі ұлғайған.

Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша тағы бір балалар орталығы жұмыс істейді. Жетекшінің айтуынша, бағдарламаның арқасында секциялардың санын арттырып, жаңа бағыттарды ашу мүмкіндігі пайда болды. Орталық тәрбиеленушілерінің саны 187-ден 445-ке дейін артқан.

– Би үйірмесіне қатысқысы келетіндер өте көп: егер бұрын 3 топ болса, қазір балалар жеті би тобында жаттығады, - деді орталық жетекшісі Ирина Исакаева. - Сурет салу үйірмесінің саны да артып, үш топтың саны он бірге дейін жетті. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналардың сұранысы бойынша шахмат үйірмесін аштық.

Облыс орталығындағы танымал дзюдо мектебінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Мектепті аралау барысында Әбілқайыр Сқақов спорттық мекемені бейінді емес функциялардан толығымен босатуды тапсырды. Мұнда кезінде Павлодар облысының даңқын шығарған мықты дзюдошыларды даярлауға басымдық берілуі тиіс.

– Мектеп Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандар үшін ұйымдастыру-әдістемелік орталыққа айналуы тиіс. Мұнда біздің оқытушыларымызды оқытатын жақсы жаттықтырушыларды шақырсақ, 3-5 жылдан кейін дзюдо спортындағы  көптен күткен жеңістерге қол жеткіземіз, - деді Сқақов.

Павлодар облысының әкімі қала мектептерінің бірінің реконструкцияланып жатқан стадионына да барды. Мұнда іргелес аумағы абаттандырылған және бейнебақылау орнатылған көп функционалды спорт алаңы құрылады.

– Стадион балалар мен ересектер үшін тартылыс алаңына айналуы қажет, - деп атап өтті Сқақов. - Көптеген жылдар ішінде біз мұнда алғаш рет бюджеттік қаражатты спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсап жатырмыз. Сондықтан, алаңды спортпен шұғылданғысы келетіндердің барлығының пайдалануына мүмкіндік беруіміз керек.

Мұндай ашық нысанның мысалы – жақын маңдағы үйлердің жастары шынығатын жоғарғы оқу орындарының бірінің стритбол алаңдары.

Еске салайық, Токиодағы Олимпиададан кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлу қажеттілігі туралы айтқан еді. Бұл бағыттарды күшейту еліміздегі кәсіби спорттың дамуына негіз болуы тиіс.

Тегтер: