USD
USD
USD

Павлодар облысында ауруханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған

Бүгіннен бастап Павлодар №1 қалалық ауруханасында қосымша 200 орын дайындалуда, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмаилов мәлім етті.

Павлодар облысында ауруханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазіргі уақытта ауруханадағы бос орындар азайды. Өйткені ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандар саны артуда. Тек кешегі күннің өзінде 305 науқас ауруханаға түсті. Бүгінде аталған санаттағы 956 науқас ауруханада жатыр. Өңірімізде уақытша қарау орындарының саны 1 мыңнан асады. Қазіргі уақытта уақытша қарау орындары 98,9 пайызға, инфекциялық госпитальдар 77,3 пайызға толған", – деді Біржан Досмаилов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыс әкімі ауруханадағы орындарды көбейту жөнінде тапсырма берген болатын. "Пандемия басталған сәтте облыс орталығындағы қалалық №3 аурухана уақытша қарау мекемесі етіп жасалып, 385 орын ашылды. Сондай-ақ кардио орталықтың ғимаратында 135 орын ашылды. Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 282 орын дайындалды. Бүгін қалалық №1 ауруханада қосымша 200 уақытша қарау орны әзірленді", – деді Біржан Досмаилов. Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында 535 адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 282 адам жазылып шығып, 13 адам көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астана

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Тоқаев, Элиманов