USD
USD
USD

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан 55 ақбөкен мүйізі тәркіленді

Баянауыл ауданында ауыл тұрғынынан 55 ақбөкен мүйізі табылып, тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан 55 ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адамның өзі түсіндіргендей, ол жұптасу кезеңінде өлген ақбөкендердің өлекселерінен мүйіздерін кесіп алған. Осы факті бойынша ҚР Қылмысьық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында тиісті сараптамаларды тағайындаумен барлық мән-жайлар анықталатын болады.

«Қазіргі кезде Павлодар облысының аумағында аң аулауға тыйым салынған 20 мыңнан астам ақбөкен бар. Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 134 фактісі анықталды», – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз әрекет жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қазір оқып жатыр

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov