USD
USD
USD

Павлодар облысында ауыл мұғалімдеріне тұрғын үй сертификаттары беріледі

Павлодар облысында ауылдарда еңбек ететін жас мұғалімдер үшін 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификаттарын беру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жыл сайын мұндай сертификаттар 50 ұстазға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Ұстаздар күніне орай өткен өңір педагогтарымен кездесуінде мәлім болды.

Павлодар облысында ауыл мұғалімдеріне тұрғын үй сертификаттары беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Білім беру басқармасына ауылдардағы жас ұстаздарға бір миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттарын немесе гранттар бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жыл сайын 50 сертификат берілсе, бұл жас мамандар үшін жақсы мотивация болар еді», – деді Әбілқайыр Сқақов.

Ол білім беру саласына инвестициялау ары қарай жалғасатынын еске салды. Осы саланың барлық бағыттары жүйелі түрде дамуы тиіс. Бұған дейін  хабарланғандай, Павлодар облысының білім беру жүйесінің бюджеті соңғы үш жыл ішінде екі еседен астам мөлшерге, оның ішінде оқу мекемелерінің күрделі жөндеуін қаржыландыру 12 есеге артты.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ұстаздар күні қарсаңында өңірдің білім саласын дамытуға ерекше үлес қосқан педагогтарды марапаттады. 1000 АЕК (2,9 миллион теңге) көлеміндегі сыйақы қоса берілетін төс белгімен тоғыз ұстаз марапатталды. Бұл награда Павлодар облысында өткен жылы педагогтер үшін қосымша ынталандыру ретінде бекітілді. Биыл дарынды оқушыларға арналған сыйақылар да бекітілді. Павлодар облысының мектептерінде кәсіби бағдарлауды енгізу тағы бір жағымды жаңалық болды. Бұл жұмыс өңірде құрылған Жаңа мамандықтар атласы шеңберінде жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы