Павлодар облысында алкоголь сатуға тыйым салынуы мүмкін бе?
Павлодар облысында құқық бұзушылықтың саны артқан жағдайда алкоголь сатуға тыйым салынуы ықтимал, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Алматы, NEGE. Онлайн баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов мәлім еткендей, үй жанындағы дүкендер бұрынғыдай сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмысын жалғастыра береді. - Арақ-шарап бөлімдері азық-түлік дүкендерінің аумағында орналасқан. Сондықтан жұмысын жалғастыра алады,- деді Серік Шаяхметов. «Дегенмен тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткішінің артуы болды. Белгілі бір қылмыстар тіркелді. Адамдар үйден сыртқа шыға алмаған соң спирттік ішімдіктер тұтынады. Әрине, бұл барлық тұрғындарға қатысты емес. Дегенмен, егер де мұндай құқық бұзушылықтың саны артқан жағдайда алкоголь сатылымына тыйым салынады». Спикердің айтуынша, карантинді бұзған, рұқсат беру құжаттарын бұрмалаған тұрғындар мен алыпсатарларға қатаң әкімшілік шаралар қолдану қарастырылған. Азық-түлік тасымалдайтын барлық жүк көліктері арнайы жасыл дәліз арқылы өтеді. Ол үшін тиісті анықтама болуы керек. Басқа тауарлар сияқты тағам жеткізуге сағат 22.00-ге дейін рұқсат етіледі. Біздің каналымызға жазылыңыз