USD
USD
USD

Павлодар облысында 750 провизорлық орын жабылды

Павлодар облысында жедел жәрдемге түсетін шақырулар саны 50 пайызға азайды. Бұл туралы онлайн аппараттық жиында облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мәлім етті деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында 750 провизорлық орын жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Өткен аптада Мойылдыдағы провизорлық 500 орын, Ақсудағы «Еуразия» медициналық орталығындағы 80 орын, «Баянтау» спорт сарайындағы 150 орын жабылды. Қазіргі уақытта провизорлық орындардың 26,5 пайызында науқастар жатыр, - деді Айзада Құрманова.

Сонымен қатар, шілде айының басында жедел жәрдемге келіп түсетін шақыру саны 1128 болса, бұл көрсеткіш 50 пайызға қысқарып, өткен тәулікте 565 шақыруға азайған.
Облыс аумағында карантин талаптарын 30 мониторинг тобы бақылайды. 27 шілде мен 2 тамыз арасында 30 тексеру жүргізіліп, 27 ереже бұзушылық анықталған. Аталған фактілерге қатысты 19 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанымен босаңсуға болмайтынын атап өтті.
- Күзге дайындалуымыз керек. Тәжірибеміз бар. Нақты шаралардың жоспарын құрып, күз келмей тұрып дәл қазір не істейтінімізді, медицина саласының толық дайындығы үшін қандай қосымша амал қолданатымызды бекіту қажет, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 3359 адам анықталған. 2022 адам жазылып шықса, 28 адам көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев