USD
USD
USD

Павлодар облысында 4 адам белгісіз затпен уланып көз жұмды

Павлодар облысында төрт адам белгісіз заттан уланып көз жұмды, тағы үшеуі ауруханада жатыр.

Павлодар облысында 4 адам белгісіз затпен уланып көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай Павлодар облысының Ертіс ауданында орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жеті адам белгісіз затпен уланған.

Зардап шеккендердің бәрі ер адамдар, олар 32 мен 67 жас аралығында болған.

"Белгісіз затпен уланудың жеті оқиғасы тіркелді. Үш адам үйде қайтыс болды, төрт адам Ертіс аудандық ауруханасына жүгінді, олардың біреуі қабылдау бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлады Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі Павлодардың №3 қалалық ауруханасына орташа ауыр жағдайда жеткізілген.

"Екі ер адамның жағдайы өте ауыр, оларға өкпені жасанды желдету аппараттары қосылды. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - деп атап өтті ведомствода.

Дәрігерлердің мәліметінше, марқұмдардың ең жасы – 32 жаста, үлкені – 67 жаста. Ауруханада 1980, 1974 және 1969 жылы туған науқастар бар.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park