USD
USD
USD

Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды

Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Ертіс ауданының бір ауылының маңындағы егістік алқаптарынан дәнді дақылдарды ұрлады деген екі күдіктіні анықтап, ұстады.

– Барлығы 35 тонна астық ұрланған. Келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады, – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Ұсталғандар 28 және 42 жастығы Ертіс ауылының тұрғындары. Олар өз кінәларын мойындады. Ұрланған астық толығымен тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі