Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысында 30 жолаушысы бар автобус аударылды

Павлодар облысында 30 жолаушы мінген автобус жол жиегіндегі жыраға аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысында 30 жолаушысы бар автобус аударылды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. «Үшінші ақпан күні, сағат 19:30-да Екібастұз қаласындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірінің жүргізушісі №120 маршруты бойынша «Вольво» автобусын айдап келе жатып, «Екібастұз - КП Батыр» тасжолында (Южная бекеті маңында) рульге ие бола алмай қалып, жыраға құлап кетті. Автобуста 30 адам болған, барлығы ЖШС жұмысшылары», - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшы орынбасары Қуаныш Мұстафинов. Жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен жоқ. Кейінірек жолаушыларға басқа автобус ұсынылды. «Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізуші сау болған. Автобус арнайы айыптұраққа қойылды. Тексеріс жүріп жатыр», - деп толықтырды ПД-дан.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық