USD
USD
USD

Павлодар облысында 300-ге жуық адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Биыл Павлодар облысында 300-ге жуық адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 300-ге жуық адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері алкоголь ішіп, қоғамдық орындарда мас болған 7606 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Құқық бұзушылықтың алдын алудағы шаралардың бірі – маскүнемдіктен зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу. Биыл мәжбүрлеп емдеуге 289 адам жіберілді.

Мысалы, Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге Ленин кентінің тұрғынын жіберді.

Айта кету керек, 42 жастағы ер адам қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық фактілері бойынша 10 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жылдың басынан бастап осы азаматтың тұрғылықты жері бойынша “102” оператордың пультіне 8 шақырту келіп түсті.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір әскерилерге үш есе мөлшерде ақы төленбек

Әскерилер

Мамандар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын кешенді тексеруге кірісті

тексеру

Тараздағы зауыттағы оқиғадан кейін «Қазақмыс» ресми түсініктеме берді

Қазақмыс

Интернеттің жаппай өшірілуі қазақстандықтардың ақпарат алу құқығын шектемей ме?

Интернет