USD
USD
USD

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

19 сәуір "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті қардан табылды. 

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. СМЭ тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023  жылдың 16 сәуірінде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен дала алқабына  жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге кеткен болатын. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін  күте бастады. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінді. 

Полиция жедел - іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қ. ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елді мекендердің дала алқаптарында  жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе