USD
USD
USD

Павлодар облысында 13 сәуірден бастап карантин жарияланады

 Ертіс өңірінде 13 сәуірден бастап карантин жарияланады. Бұл туралы Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қаулы етті.

Павлодар облысында 13 сәуірден бастап карантин жарияланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатта көрсетілген негізгі талаптарға орай ерекше жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды қоспағанда, өзгелерге қала-аудандардың аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады. Облыстағы елді мекендердегі карантиндік аумақтар бақылауға алынып, теміржол және автовокзалдардың жұмысы уақытша тоқтайды. Сонымен қатар білім беру мекемелері, екінші деңгейлі банктердің жұмысы тоқтайды.

Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек саудаланатын нысандардың жұмыс режимі таңғы 9:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі. Сондай-ақ азаматтар тұрғылықты жерден тыс аумақта жүргенде маска кию режимін сақтауы керек. Әзірге карантин мерзімі қашанға дейін ұзаратыны белгісіз. Карантин басталғанға дейін жергілікті атқарушы билік түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Еске салсақ, облыста коронавирустық инфекция жұқтырудың 9 дерегі тіркелді. Бір оқиға өліммен аяқталды. Ал бір азамат аурудан айықты.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті