Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті

Жүк Новосібірден Бішкекке Қазақстан шекарасы арқылы транзитпен жөнелтілген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті
Фото: NEGE.kz



Павлодар, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырда сағат 12.06-да Успен ауданының   Успен ауылының маңында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

- Павлодар – Успен – РФ республикалық маңызы бар автожолда ашық аумақта 2004 жылы шығарылған Krone ZZF18 маркалы  көліктің 20 шаршы метр алаңда  тіркемесі жанған. Тіркемеде шамамен 10 тонна пластик ыдыстарда өсімдік майы тиелген, - деді департаментте.

Сондай-ақ, екі бөлек ошақта құрғақ шөп өртенді: біріншісінде - 500 шаршы метр, екіншісінде - 4 га.

Өрттің шығуы себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Тілсіз жау сағат 14.40-та толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп