USD
USD
USD

Павлодар: 6 адам өрттен құтқарылды

Павлодарда түнде бесқабатты үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер 37 жастағы ер адамды өрттен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, қызметкерлер балкон арқылы төрт адамды, оның ішінде екі баланы құтқарып, үй тұрғындарын алып шыққан.

Павлодар: 6 адам өрттен құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабарлама 19 наурызда сағат 23.00-де түскен. Екінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған. Өрт жалпы аумағы 8 шаршы метр жерді шарпыған.

"№3 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Ерғали Кәрімжанов, Дамир Қабылбек, Әсет Әубәкіров және Олег Лопатенко 1985 жылы туған пәтер иесін аман алып қалды. Ол пәтерге кіреберісте ес-түссіз жатқан күйде табылды. Өрт сөндірушілер жәбірленушіні кіреберіс есіктен алып шығып, құтқарды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Өрт сөндірушілерге Апаттар бойынша медицина орталығының дәрігерлері көмекке келген. Дәрігерлер жәбірленушінің жүрегіне массаж жасаған. Тынысы мен жүрек соғысы байқалғаннан кейін ер адам Павлодардағы бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

"Қызметтің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, екінші қабаттың балконы арқылы төрт адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс